Нұр-Сұлтаннан Алматыға 7000 теңгеге ұшып баруға болады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтаннан Алматыға 7000 теңгеге ұшып баруға болады

Нұр-Сұлтаннан Алматыға 7000 теңгеге ұшып баруға болады

Нұр-Сұлтаннан Алматыға 7000 теңгеге ұшып баруға болады

  • 2 Сәуiр 2019
  • 63
Фото - Caravan.kz

FlyArystan Нұр-Сұлтаннан Алматыға 7000 теңгеге рейстерді ашты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

2019 жылы 1 мамырда сыйымдылығы 180 орны бар реактив Airbus A320 әуелайнерлері Нұр-Сұлтаннан ұша бастайды. 

Қазақстандықтар арасында танымал бағыт бойынша тарифтің ең төменгі құны бір жаққа 6 999 теңгеден басталады. Билеттерді брондау компанияның сайтында қолжетімді.

"Біз күн сайын ең қолжетімді бағамен жүзеге асыруға дайын отандастарымыздың арасында күтілетін әуе қатынасы болады деп сеніммен айтуға болады. Бұдан былай елордаға 6 999 теңгеге екі сағатқа жетпес уақытта ұшып келу мүмкін болады, тек бизнесмен ғана емес, сонымен қатар қарапайым студентке де мүмкіндік туады. Сондай-ақ, біз осы бағыттың арқасында еліміздің оңтүстік және солтүстік аймақтарының әдемі табиғатын көргісі келетін қазақстандықтар арасында жергілікті туризмді дамытуға өз үлесімізді қосамыз деп үміттенеміз", — деді FlyArystan сату және маркетинг жөніндегі директоры Жанар Жайлауова.

FlyArystan өзінің барлық жолаушыларына шарттары авиакомпанияның ресми сайтында егжей-тегжейлі сипатталған тарифтер ережелерімен мұқият танысуды ұсынады.


Осыған дейін, FlyArystan әуекомпаниясы Алматыдан Таразға дейін 2019 жылдың 1 мамырына жоспарланған алғашқы рейске билет сатуды ашқаны хабарланған.

Сапар ұзақтығы 60 минут болатын біржақты билет құны әуежай алымдарымен қоса есептегенде 4 999 теңгеден басталатыны айтылады. FlyArystan өкілдерінің айтуынша, Алматы-Тараз-Алматы бағытымен 180 орындық, заманауи Airbus A320 ұшақтары күнделікті сапарға аттанады. Осылайша, жаңа әуекомпания осы бағыт бойынша бір жылда 130 000 аса жолаушыны тасымалдайды.