«Қазақстан аруы» ұлттық байқауының жаңа форматы «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасын жүзеге асырудың бір тәсілі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан аруы» ұлттық байқауының жаңа форматы «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасын жүзеге асырудың бір тәсілі

«Қазақстан аруы» ұлттық байқауының жаңа форматы «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасын жүзеге асырудың бір тәсілі

«Қазақстан аруы 2019» ұлттық байқауының финалы өтетін күн белгілі болды. Байқау 2 мамырда Нұр-Сұлтандағы Номад-холлда өткізілмекші.

  • 3 Сәуiр 2019
  • 27
Фото - Caravan.kz

Биыл «Қазақстан аруы 2019» байқауы «Әлем аруы» ғаламдық байқауының жағымды тәжірибесін ескере отырып, жаңа форматта өткізіледі. Соңғы жиырма жылда байқалған жаңалық – әр елде өткізілетін «Әлем аруы» туристік ағынды айтарлықтай арттырып, экономикалық көрсеткіштерді өсірген екен. «Әлем аруы» байқауы бірнеше мәрте өткізілген Қытайдың Санья қаласының мэрі Ли мырзаның пікірінше, шара өткеннен кейін бірден шет елден келген туристер саны 40 %-дан, ал валюталық кіріс 70 %-дан асқан. Ли мырза оны «Байқаудың әсері» деді.

Мемлекетке келу туризмін әрі қарай дамыту бағдарламасын іске асырудағы алғашқы қадам өткен жылы жасалған болатын, байқау дирекциясы отандасымыз, Қазақстан Республикасы туризмінің елшісі, әлемдік ауқымдағы әнші Димаш Құдайбергеновтың Қытайдағы «Әлем аруы» байқауында өнер көрсетуін ұйымдастырған болатын. Оның Жер бетіндегі титулы бар сұлулармен бірге сахнаға салтанатты түрде шыққанын, «Ұмытылмас күн» деген әнді қазақ тілінде керемет орындағанын, «Welcome to Qazaqstan» деген дәстүрлі үндеумен аяқтағанын әлемнің 200-ден аса еліндегі 2,8 миллиардтан аса көрермен тікелей трансляция арқылы тамашалады.

Биылғы «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының арнайы жобасы бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен танымдық-жарнамалық роликтер жиынтығы жасалады. Бұл көркем, қысқа фильмдерде өңірлік турдың жеңімпаздары өз өңірінің туристік мүмкіндіктерін көрсетеді. Мысалы, «Өскемен аруы» бірегей Рахман қайнары туралы, «Ақтөбе аруы» «Үйтас» табиғи ескерткіші туралы, «Шымкент аруы» Бәйдібек ауданындағы «Ақ мешіт» әулие үңгірі туралы әңгімелеп береді… Қыздар өзінің туған өңірлерінің көрнекті жерлерін бар мейіріммен әрі мақтанышпен таныстырады, ерекше табиғи және археологиялық нысандарды өз көздерімен көріп, тамашалау үшін саяхатшыларды өздерінің туған өңірлеріне шақырады.

Сондай-ақ жаңа формат аясында «Дүниежүзі аруы» және «Әлем аруы» сияқты ірі әлемдік байқауларға арналған таныстырылым роликтері түсіріледі, бұл алғаш рет Ұлы даланың киелі жерлеріне, Қазақстан Республикасының бірегей географиялық және табиғи ландшафттарына арналмақ. Осы халықаралық жобалардағы медиа алаңдардың жоғары рейтингісі ықтимал туристердің барынша ауқымды аудиториясын шақыруға мүмкіндік береді.


«Байқаудың әсері» мынада — «Қазақстан аруы» байқауының жаңа форматы мемлекет туралы білімнің таралуына әсер етіп, ықтимал туристер санын сөзсіз арттырады. Өйткені туризм экономиканың көптеген салаларымен тығыз байланысты, бұл экономикалық пайда әкеледі.