Ақтөбе облысының әкімі полиция қызметкерлеріне: Сыбайластық жағдайы дәлелденсе, менен жақсылық күтпеңдер - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысының әкімі полиция қызметкерлеріне: Сыбайластық жағдайы дәлелденсе, менен жақсылық күтпеңдер

Ақтөбе облысының әкімі полиция қызметкерлеріне: Сыбайластық жағдайы дәлелденсе, менен жақсылық күтпеңдер

Ақтөбе облысының әкімі полиция қызметкерлеріне: Сыбайластық жағдайы дәлелденсе, менен жақсылық күтпеңдер

  • 3 Сәуiр 2019
  • 48
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Темір ауданында полиция қызметкерлеріне ескерту жасады, деп хабарлайды Aktobenews.kz

Аймақ басшысы Оңдасын Оразалин аудандық прокуратура ғимаратында орналасқан діни сұрақтар бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі орталыққа барды. 2016 жылы құрылған орталық жат ағым жетегінде жүрген азаматтармен кездесулер ұйымдастырып, құқықтық көмек көрсетумен, заңды түсіндірумен айналысады. Құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу барысында облыс басшысы мал ұрлығы мәселесіне қатысты қатаң ескерту берді.

«Маған тұрғындардан күн сайын келіп түсетін сұрақтар ішінде мал ұрлығы жайлы шағымдар өте көп. Солардың ішінде «ұрылар мен полицейлер бірлесе жұмыс жасайды» деген ақпарат та бар. Егер сондай сыбайластық жағдайы дәлелденсе, менен жақсылық күтпеңдер», — деді аймақ басшысы О.Оразалин.


Сонымен бірге, облыс әкімі құқық қорғаушылардың еңбегін жоққа шығармайтынын және қылмыс санын төмендету керектігін тапсырды.