"Түркияға бекер келген секілдімін": Түркияда қаза тапқан қазақстандық ару кісі қолынан мерт болған ба? Әлде суицид пе? - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Түркияға бекер келген секілдімін": Түркияда қаза тапқан қазақстандық ару кісі қолынан мерт болған ба? Әлде суицид пе?

"Түркияға бекер келген секілдімін": Түркияда қаза тапқан қазақстандық ару кісі қолынан мерт болған ба? Әлде суицид пе?

Журналист Марғұлан Ақан Түркия елінде қаза тапқан 21 жастағы Елдана Қаһарманның ісін жылы жабуға болмайтынын айтты.

  • 5 Сәуiр 2019
  • 257
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Қайтыс болған 21 жастағы Елдана Қаһарманның ісін жылы жабуға болмайды

Әлеуметтік желідегі парақшаларына шолу

21 жастағы жап-жас Елдананың қазасы және өзінің үйінде (Түркия) өлі табылуы, ешқандай зорлық-зомбылықтың белгісі табылмауы, жалпы ол жайында толық жақ ашпаудың астарында не жатуы мүмкін деген ой кімді болмасын мазалайды.

Елдана Қаһарман туралы білетініміз тек оның Түркияда білім алатыны және сондағы телеарналардың бірінде жұмыс жасайтыны. Одан кейін бұрыннан танымал болған видеблогер ретінде танимыз.

Түркияның шығыс бөлігінде орналасқан Фырат университетінде білім алған.

Әлеуметтік желі арқылы жасалған сараптама:

Елдананың Vk, Instagram және Youtube желілерінде жеке парақшалары болған:

Vk: https://vk.com/id291261297 
Instagram: https://www.instagram.com/yeldana/ 
Youtube: https://www.youtube.com/watch?v=-VQFt76Gvmw

Елдана Қаһарман Қарағандының тумасы. Себебі, оның ютубтағы соңғы салған видео жазбасына үңілсеңіз, тоңзатқышқа жабысып тұрған магнитте «I love Karaganda» сөзі жазылған. Бұдан бөлек Вконтакте әлеуметтік желісінде де Қарағанды деп көрсетілген. Тек бұл ғана емес, инстаграм желісіне салған бұрынғы посттарында да Қарағанды қаласы кездеседі.

Елдананың 2019 жылы наурыздың 24 күні салынған соңғы видеосы «Почему я удалила все видео?» деп аталады. 27 мың жазылушысы бар қыздың барлық видеоблогтарын не үшін өшіріп тастағаны туралы осы видеодан көруге және білуге болады. Бір сөзінде: «Түркияға бекер келген секілдімін» дейді. Видеоны осы жерден көре аласыз:https://www.youtube.com/watch?v=-VQFt76Gvmw

Елдананың инстаграм желісінде 319 досы және 6322 жазылушысы бар. Барлығы 533 пост салған. Соңғы жазбасы 21 наурыз күні салынды. 

Енді мынаған қараңыз, Елдананың Вконтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында дау да болған. 2018 жылдың 12 сәуірінде салған суретіне 30 шілде күні 2018 жылдың «Elider Elider» аккаунтымен тіркелген фейк парақша қыздың психологиясына әсер ететін боқауыз сөздер және жалпы қазақ халқы туралы өте теріс пікір қалдырған.


Сілтеме: https://vk.com/id291261297… 
Пікірдің скриншоты төмендегі суретте бар.

Елдананың жазылған топтарының дені дизайн және позитивті өмірге ұмтылған адамдарға арналған. Тек біреу ғана өзгеше. Яғни, оның сүйікті сериалы болса керек: «Как избежать наказания за убийство» парақшасына жазылған.

Мен, ҚР азаматы ретінде, Елдана Қаһарманға байланысты істі жылы жауып қоя салуға қарсымын!

Бұл мәселе бойынша толыққанды зерттеу жұмысы жасалауы керек. Заңгермен сөйлесу арқылы, Елдананың сүйегі елге оралғаннан кейін, оның денесіне ата-анасының рұқсаты арқылы зерттеу жұмыстары жасауға болатынын білдім. Сондықтан, алдағы уақытта «ата-анасы қарсы» болды деген ақпаратты желеу қылып жібермей, осы мәселені біздің құқық қорғау органдары және жалпы заң аясындағы азаматтар жұмылған жұдырықтай болып іске көшсе деймін.

Өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін деген мәселе де айталды. Алайда, шешіп алатын бір мәселе: «Неге өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін?» деген сұраққа жауап табу керек. Денесінде зорлық-зомбылық белгісі табылмады деген ақпарат толыққанды жауап емес. Одан бөлек өмірге сондай құштар қыздың өзін өлімге қиюына не себеп? «Егер қастандық жасалған болса, не үшін жасалауы мүмкін?» деген мәселелерді алға тарта отырып, Қазақстан және Түркия арасында өзара ашық түрдегі зерттеу жұмыстары жасалуы тиіс.

Жоғарыда атап өткендей, фейк акканутпен тіркеліп Елданаға қарсы пікір білдірген адамның да мәселесі қаралуы керек. Ол жерде тек Елданаға ғана емес, бүкіл бір ұлтқа қарсы пікір жатыр!

21 жастағы қыздың өлімі оның сүйегімен бірге көміліп кетпеуі тиіс. Біз өркениетті және заңмен бекітілген қоғамда өмір сүреміз", — деп жазды ол.