Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Қазгидромет 2019 жылғы 6-8 сәуір аралығындағы ауа райы болжамын жариялады.

  • 5 Сәуiр 2019
  • 95
Фото - Caravan.kz


Шығысқа қарай жылжып келе жатқан суық ауа ағыны жауын-шашын алып келеді, кей жерлерде көктайғақ болады. Оның әсері әсіресе Қазақстанның орталығы мен шығысына көбірек тиеді. Республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсерге ұласуы мүмкін.

Найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы ықтимал, таулы аймақтарда қар көшкіні қаупі бар. Оның артынан жылжып келетін антициклонға байланысты, Қазақстанның қалған аймақтарында жауын-шашын тоқтап, бүкіл республика аумағында ауа температурасы климаттық нормаға дейін төмендейді.