«Жылымықтын әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жауын-шашынның күтілуіне байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2100 метр жоғары биіктігінде) 9–12 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. Қар көшкінінің жүру қауіпіне байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады», — делінген хабарламада.
Бұған дейін синоптиктер 5-8 сәуір күндері Алматыда қар көшкіні қаупіне байланысты ескерту жариялаған болатын.