Шенеуніктер 21 мың теңге жәрдемақыны тағайындағанда үйдегі теледидар мен кілемге дейін санаған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шенеуніктер 21 мың теңге жәрдемақыны тағайындағанда үйдегі теледидар мен кілемге дейін санаған

Шенеуніктер 21 мың теңге жәрдемақыны тағайындағанда үйдегі теледидар мен кілемге дейін санаған

Алматы облысының тұрғындары 21 мың теңге жәрдемақыны тағайындауда бірізділік жоқ деп ашуланды. Олар комиссияның үйдегі теледидар мен кілемге дейін есепке алғанын айтуда.

  • 9 Сәуiр 2019
  • 33
Фото - Caravan.kz

Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылының шенеуніктері тұрғындардың шағымын теріске шығарды. Ал, тұрғындар әкімдікке жиналып, наразылық білдірді. 

"Үкіметте жәрдемақыны тек жалқыға қарай есептейтінін айтты. Бізге келген комиссия үйдегі теледидар мен кілемдерді есепке алды. Шкаф, дивандарың болса, жәрдемақы алмайсыңдар дейді. Газ-су кіргізілмеген болуы керек дейді", — деді тұрғын Алмагүл Мұратова. 

"Күйеуімнің мемлекеттік жұмысқа шыққанына 1 жыл болды. 50 мың теңге жалақы алады. Мен 10500 теңге алам. Көлігіміз бар. Сондықтан жәрдемақы берілмейтінін айтты. Бес баланы қалай асыраймыз?" — дейді тұрғын Земира Ақылбаева. 

Өтініш берген соң комиссия сол үйлерге барып, тексеріс жүргізу керек. Тұрғындар ауылда екі ғана маманның жұмыс істеп отырғанын айтты. 


"Бүгіннен бастап тағы бес маман қосылады. Үйді-үйді аралап тексереді. Егер алуы тиіс болса, барлық отбасын жәрдемақы беріледі", — деп қысқа қайырды Ұзынағаш ауылдық округі әкімінің орынбасары Дамира Наурызбаева.