Әбдіжаппар Әлқожа: Мені танымайтын айдаладағы блогер халықпен арамызға іріткі салды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.58
  • 549.71
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әбдіжаппар Әлқожа: Мені танымайтын айдаладағы блогер халықпен арамызға іріткі салды

Әбдіжаппар Әлқожа: Мені танымайтын айдаладағы блогер халықпен арамызға іріткі салды

Әбдіжаппар Әлқожа Ұлттық арнаның "Түнгі студия" бағдарламасында қонақ болып, жақында басынан өткен даулы оқиғаны баяндады. Ол қожалар туралы сұрақ қойылғандықтан, ата-бабасы туралы бар білетінін айтқанын түсіндірді. Сондай-ақ, өзін танымайтын блогердің халықтың алдында жаманатты қылғанын жеткізді.

  • 11 Сәуiр 2019
  • 107
Фото - Caravan.kz

"Instagram желісінде мен танымайтын хайперлердің менің атымнан сөйлеуі. Олардың қолында тұр. Неше түрлі парақшалар, олардың артында кім тұрғанын білмейсің. Оларға "хайп" керек. Халыққа абайсызда айтылған сөзім болса, мені кешіріңіздер деп айттым. Әлі де айта беремін. Сұхбат үш сағатқа созылған. Әрбір қазақ текті ғой. Мен өз бабам жайлы айттым. Ол жерде ұлт жайлы сұралған жоқ, мемлекетіміз туралы сұралған жоқ. Сұрақ менің руым, ата-бабам жайлы болды. Ата-бабамды сұрағаннан кейін, айтуым керек қой", — дейді Әбдіжаппар. 

Әнші журналистің "қан бұзылды ма?" деген сөзіне барынша жауап беруге тырысқан. 

"Мысалы, менің атамның өзі Кіші жүздің қызын алған. Менің өзім де, әпкем де алысып-берісіп жатырмыз. Аллаға сансыз шүкір, қазақ болып кеткенбіз. Бұл жерде сол сөзді бұрмалап жіберген", — дейді Әбдіжаппар.

Өнер иесінің айтуына қарағанда, өзін танымайтын блогер атына қара дақ түсіріп, халықпен арасына іріткі салған. 


"Мені танымайтын бір блогер шығып қазбалайды. Кеше сұхбаттассақ: "Мен Әбдіжаппар деген әншіні танымайды да екенмін. Осыны көріп қалдым", — дейді. Танымасаң, неге одан кір іздеп тұрсың? Болмаса өзіме жазып жіберсін. Құр босқа халықтың арасына іріткі салды.

Мен қазақы әншімін. Шетелден бір дүние әкеліп, бір жерімді ашып, бір жерімді шашып, құлағыма сырға тағып, шашымды бояп, болмысты бұзып жүрген қазақтың баласы емеспін. Қазақтың өз болмысында жүрген, не жесем де, не тапсам да, осы елдің баласымын деп жүрген, Аллаға тәубемді айтып жүрген жігітпін", — дейді Әбдіжаппар.