Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
"Бiреуiн жаба алмай жатсақ, бiреуi шығып жатқаны несс?
Жетер ендi! Қалаулым-2 ма? Қай заманда бұлай қырылып, бет жұлысып күйеу iздеп едi қыздарымыз? Әлде, жiгiттерiмiз әлсiз, ынжық боп кеттi ме? Бұған қалай тұсау саламыз? Қалай тоқтатамыз? Ел болып көрмей-ақ қоя салайықшы осы бағдарламаларды. Кастингтерiне де бармай-ақ қойыңызшы, егер намысыңыз болса. Рейтинг болмаса ары қарай арна өзi-ақ алып тастайды. Бiз өзiмiзден бастайықшы. Инста парақшаларына да жазылмайық. Елемейiкшi. Менi қолдайды деп сенемiн! Таратыңызшы. Ескертiңiзшi. Бармасын. Көрмесiн. Жазылмасын.
Мен ескертiп жатырмын. Қазiр тоқтатпасақ ертең кеш. Қалаулымды да бәрi бiлмедi басында. Кейiн тоқтата алмай қалдық", деп жазды әзілкеш Нұрболхан Шарапов.