Әбдіжаппар Әлқожа хайперлер мен хейтерлерге қарымта жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әбдіжаппар Әлқожа хайперлер мен хейтерлерге қарымта жауап берді

Әбдіжаппар Әлқожа хайперлер мен хейтерлерге қарымта жауап берді

 

  • 16 Сәуiр 2019
  • 160
Фото - Caravan.kz

Әбдіжаппар Әлқожа сөзін бұрмалап, ұятқа қалдырған хайперлер мен хейтерлерге өз ойын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осыдан біраз уақыт бұрын "қожамын" деп жар салған өнер иесінің басы дауға қалған еді. Бүгін әнші хайперлер мен хейтерлерге арнап желіде жаңа бейнебаян жариялады.

Әлеуметтік желі қолданушыларының арасында кең талқыға салынған тақырыпты жабайық деп ұсыныс білдірген Әбдіжаппар:

"Кейбіреудің сиырдай сүйкенгенін,
Жек көрсем де тозбайды жүйкем менің.
Жазғыштар көбейді ғой жаңалық қып,
Шығарар "Мысық туып, ит өлгенін"…
Қанекей қайдасыңдар дәл осындай,
Жарықтық, хайперлер мен хэйтерлерім?
Таратып жіберіңдер бұл әнімді,
Сондай жақсы еді ғой икемдерің"
деп өлеңдетті.

Мені жамандағандарды мен, мені Алла кешірсін деген әнші даудың нүктесін қойды.

Намысы, ұлтсүйгіштігі мен қазақилығы жүрегінде екенін айтып тағы ақталған ол пікірлерді оқымайтынын да ескертті.


"Бір-біріңізбен әңгіме атыс жасамай-ақ қойыңыздар, қалың жұрт. Мен үшін шуламаңыздар" деді ол.

Әбдіжаппар Әлқожаның оқырмандарының пікірі екіге жарылды. Бірі, "Жарайсыз, Әбдіжаппар. Жасай беріңіз!" деп жылы лебізін білдірсе, екіншілері "Халықтың алдында жүрсің бе, көтересің халықтың сөзін. Халықтың ыстық ықыласы керек те, сөзі керек емес пе?" деп наразылық танытты.

Сөзінен сүрініп, күлкі болған өнер иесінің оқиғаның жай-жапсарын түсіндіруге тырысқан бейнебаянын әлеуметтік желілерден тамашалай аласыз.