Бұл туралы "Мой ГОРОД". порталы жазды деп хабарлады tengrinews.kz
Орал қаласы полиция басқармасының өкілдері Жанаргүл Нұрғазиеваның өлі күйде табылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, полицейлер кісі өліміне қатысты күдіктінің анықталып, ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Айта кетейік, 45 жастағы Жанаргүл Нұрғазиева 15 сәуірде шамамен 11:00-де жоғалып кеткен еді. Әйелдің құжаттары, телефоны және ірі сомадағы қаражаты болған. Оқиғаның басқа да мән-жайы тексеріліп жатыр.