"Тастаған жоқпын": Асхат Садырбай Еркемен қазіргі қарым-қатынасы жайлы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тастаған жоқпын": Асхат Садырбай Еркемен қазіргі қарым-қатынасы жайлы айтты

"Тастаған жоқпын": Асхат Садырбай Еркемен қазіргі қарым-қатынасы жайлы айтты

Журналист Асхат Садырбай бұрынғы жары Ерке Есмаханды тастамағанын мәлімдеді. Ол бір кездері Еркемен ортақ келісімге келіп, ажырасқанын айтты.

  • 18 Сәуiр 2019
  • 199
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында айтты. 

Асхат Садырбай алғашқыда БАҚ беттерінен жеке өмірі туралы оқығанда қынжылып қалғанын айтты. Алайда бүгінде оған еті үйренген. 

Сөзіне қарағанда, бүгінде оның Еркемен қарым-қатынасы бірқалыпты, ұлы Мүсіліммен де жиі кездесіп тұрады екен. 

Оқырмандар Садырбайды "әйеліңіз бен балаңызды тастап кеттіңіз" деп жиі айыптайды екен. Бұған журналистің берер жауабы дайын. 

"Мен әйелімді де, баламды да тастаған жоқпын. Екеуміз сөйлесе келе, бөлек кетуді ұйғардық. Бұл шешімді бірге қабылдадық. Көрермен де, оқырман да соны дұрыс түсінсе деймін! Бұл саналы түрде қабылданған шешім. Ортамызда бала бар. Ұлыммен сөйлесіп, уақыт бөлемін. Ол мектепте оқиды. Алла берген қара домалақ ұлыма уақытымды неге бөлмейін? Адамның ең басты байлығы – баласы ғой", — деді журналист.