Нұр-Сұлтандағы жерүсті метроға тағы 2 миллиард доллар қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтандағы жерүсті метроға тағы 2 миллиард доллар қажет

Нұр-Сұлтандағы жерүсті метроға тағы 2 миллиард доллар қажет

Үкімет жерүсті метросының құрылысына ақша іздеуге кірісті.

  • 24 Сәуiр 2019
  • 45
Фото - Caravan.kz


Бірақ қаржының қашан табылатыны белгісіз. Десек те, шенеуніктер құрылысты қалай да бітіреміз деп сенімді сөйлеп отыр, деп хабарлады КТК.

Әлихан Смайылов, Қаржы министрі:

— Бұл жобаны әрі қарай жүргізу қажет. Қазір мемлекеттік Қытай банкімен қазір тиісті келіссөздер жүргізілуде. Бұны әрі қарай іске асыру үшін Қазақстанның ішінен тиісті қаржыны табамыз.

Құрылыстың тоқтап қалғанын өткен аптада Елорда әкімі премьер-министрге жеткізген еді. Бұған Қытайдың даму банкі бөлген ақшаның таусылуы себеп. Қазір метроны салып жатқан қытайлық консорциум уәде етілген қаржының кезекті бөлігін күтіп отыр. Әйтсе де, тұралаған құрылыстың қашан жанданатыны беймәлім. Айта кетсек, «Нұрлы жол» вокзалы мен әуежай арасын жалғауы тиіс тиіс жоба он жыл бұрын бекітілген еді. Алайда 2 миллиард долларға бағаланған 22 шақырымдық метро жолының қазір бетондары ғана қалқайып тұр.