Үйлене алмай жүрсеңіз... - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үйлене алмай жүрсеңіз...

Үйлене алмай жүрсеңіз...

«Жақсы қыз керек» деп адал жар іздеп жүрген жігіт көп. Дәл сол секілді теңін таба алмай, ойы онға, санасы санға бөлініп жүрген қыз да жоқ емес.
Бүгінгі жігіттердің орда бұзар отызға келгенше отау құра алмай жүруіне не себеп? Шынымен де, жақсы қыз жоқ па, әлде біздің талап тым өсіп кетті ме?
✔️ Алдымен, құрметті бозбала, анықтап алыңыз.
  Сізге не маңызды?
  Қыздың қай қасиетін алдыңғы орынға қоясыз? Көп адам осы тұстан сүрінеді. Маған мынау керек дейді, ал өзінің көз салып жүрген қыздары мүлде басқа... Соның кесірінен белгілі бір нәтижеге жету де кешеуілдей береді.
✔️ Екінші, өте көп талап қойып жүрген жоқсыз ба? Сұлулықты, сыпайылықты, ақылдылықты, парасат пен даналықты, тұрақтылықты бір адамның бойынан табу әсте қиын. Біреуі басым болса, екіншісі кемшін болады. Себебі, бұл өмір, Алла бізді солай, әлсіз етіп жаратқан. Бір артықшылығымыз болса, ол өзімен бірге бір қателікті де ала жүреді. Оны кейін, бірте-бірте тәрбиелеп, Алладан сұрай жүріп түзетіп алуға болады ғой?
✔️ Үшінші, сіз іздеген адам қасыңызда жүр, бірақ сіз оны ұнатпай, менсінбей, өзіңізге лайық көрмей жүрген шығарсыз? Онда ойланыңыз. Оны не үшін ұнатпай тұрсыз? Маңызды бір себебі бар ма? Алла кімнің кімге лайық екенін жақсырақ Білуші. Сондықтан жар таңдарда Алладан жәрдем сұрай отыра, оның иманы мен әдебін, адамгершілігін алғышарт етіп ұстаңыз. Себебі, қалғанының бәрі уақытша болатыны бесенеден белгілі.
✔️ Төртінші, үйлене алмай жүруіңіздің бір себебі – сіз жар таңдаудың дұрыс тетіктерін пайдалана алмай жүрсіз. Мысалы, жер бетіндегі қаншама адам 1 минутта әлеуметтік желіге әртүрлі суретін жариялап үлгереді. Ал ғаламтордағы суреттер мен бейнелердің көбі табиғилықтан гөрі қолдан жасалған жасандылыққа бейім. Сондықтан болашақ балаларыңыздың анасын желіден емес, шынайы өмірден, өмірлік тәжірибесі бар үлкендердің, жақын-жуықтың бел шешіп кірісуі арқылы, солардың ақыл-кеңесіне құлақ түре отырып іздегенінің абзал.
(әрине мұны түбегейлі жоққа шығара алмаймыз, алайда келісіп пішкен тон келте болмайтыны белгілі) 

  • 24 Сәуiр 2019
  • 215
Фото - Caravan.kz

✔️ Бесінші.
Қыз да, жігіт те жоғарыда айтылғандай, талабы тым қатты, мақсаты бұлыңғыр болмаса да, Алланың қалауымен бір-бірін жолықтыра алмай жүреді. Өз теңін табу жолында біраз кедергілерге ұшырайды. Бұл- тағдыр. Бәлкім, дәл қазір сізге үйлену пайдасыз, қайырсыз болып тұрған шығар? Бәлкім, Алла сіздерді отбасылық өмірге әбден дайындап, пісіріп алғысы келген болар? Бәлкім, дәл сол кезде үйленіп кеткенде онымен жараса алмай, ажырасып кетер ме едіңіз, кім біледі?! Болашақтың, ғайыптың кілті қолында болған, құлына жақсылық қалаушы Мейірімді Алла сізді сол бір бақытсыздықтан құтқарып қалған болар?

Ақиқатында, бізге ненің қайырлы және оның қай кезде жақсы болатынын Алла жақсырақ Білуші.
Сондықтан үйлене алмай жүрсеңіз, жоғарыда айтылған ескертулерді ескере отырып, қам жасауға кірісіңіз. Сіз өз тарапыңыздан амалын жасаңыз, қалғанын Аллаға тапсырыңыз. Алла — бәрін Реттеуші, Көруші, шексіз Сыйына бөлеуші!

                                                                                                                                                       Ақпарат көзі:
АСЫЛ АРНА