10 сәуір мен 28 сәуір аралығында жүргізілген ҚР президенттікке кандидаттарды ұсыну бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталды.
ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров сайлауға 9 республикалық қоғамдық бірлестік, соның ішінде 4 саяси партиядан канддаттар ұсынылғанын атап өтті. .
1. Сәдібек Түгел 17 сәуір күні «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан;
2. Қасым-Жомарт Тоқаев 23 сәуір күні «Нұр Отан» партиясы қлғамдық бірлестігінің атынан;
3. Амангелді Таспихов 24 сәуірде «ҚР Кәсіподақтар федерациясы» қоғамдық бірлестігінің атынан;
4. Дания Еспаева 25 сәуір күні «Ақ жол» партиясының атынан;
5. Төлеутай Рахымбеков 26 сәуір күні «Ауыл» халық демократиялық патриоттық партиясы атынан;
6. Жамбыл Ахметбеков 26 сәуір күні «Қазақстан коммунистік халық партиясы» атынан;
7. Әміржан Қосанов 26 сәуір күні «Ұлт тағдыры» бірлескен ұлттық патриоттық қозғалысы атынан;
8. Талғат Ерғалиев 26 сәуір күні «Қазақстан ққрылысшылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігі атынан;
9. Әли Жұматай 26 сәуір күні «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды.
Орталық сайлау комиссиясымен заңнама талаптарына сәйкестігі анықталған төрт кандидат қол жинауды бастап кетті. Аталған кандидаттар 12 облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан, астанадан кемінде 118 140 қол жинау керек. Басқа кандидаттардың заңнамаға сәйкестігі алдағы күндері анықталады.
Қол жинаудан басқа кандидаттар қазіргі уақытта «ҚР президенттігіне кандидаттың денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытындығы қойылатын талаптарды және ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың тізбесін юекіту туралы» ОСК-ға 2019 жылдың 13 сәуірдегі №12/236 нормативтік қаулысы және ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірлескен бұйрығына сәйкес денсаулық жағдайын мелициналық куәландырудан өте алады. Сондай-ақ зайыбы немесе жұбайымен бірге тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік ккіріс органдарына ұсыну мерзімі абсталған айдың бірінші күніне кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынуға міндетті.
Кандидаттарды тіркеу кезеңі 2019 жылыдң 11мамыры сағат 18:00-ге дейін жалғасады.