"Елімізде АЭС салынатын болса, елдегі энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ете аламыз" - Тоқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Елімізде АЭС салынатын болса, елдегі энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ете аламыз" - Тоқаев

"Елімізде АЭС салынатын болса, елдегі энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ете аламыз" - Тоқаев

Шығыс Қазақстандағы Курчатов алаңы әлде Алматы облысындағы Үлкен ауылы.

  • 29 Сәуiр 2019
  • 27
Фото - Caravan.kz

Елімізде атом электр станциясы салынады.

Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлайды.

Бірақ құрылыс қай уақытқа межеленгені белгісіз. Бұған дейін Владимир Путин Қазақстанда атом электр станциясын салуды ұсынған болатын. Естеріңізде болса, еліміздегі жалғыз атом стансасы Ақтау қаласында болған. Бүгінде энергияның бұл түрі қолданылмайды. Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай станцияның пайдалы тұсын жіктеп берді.

"Қазақстан 2030 жылға қарай электр қуаты тапшылығын сезінуі мүмкін. Сондықтан біз бұл мәселені бүгіннен шешуіміз керек. Десе де, атом электр станциясын салуда халықтың пікірін міндетті түрде ескереміз. Қазіргі таңда мұнай стансаларды қауіпсіз етудің түрлі технологиясы бар. Ал атом электр стансасын салсақ, жаңа жұмыс орындарын құрып, елдегі энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ете аламыз", — деді Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.