Әсіресе, блогер әртістермен сүйісіп, олардың іш киімдерінің бағасын сұрайтын ұятсыз жүргізушіні жөнге салу керек деп есептейді.Бұл жайлы sn.kz жазды.
«Бiреудiң қиын тағдыры — бiреулер үшiн рейтинг болған кезең! Қазiргi кейбір жүргiзушiсымақ журналистерге қатысты айтамын. Өзгенi қайтесiңдер, өздерiңнiң арттарыңа бiр үңiлсеңдершi дим да, жаңағы… Өзiңдi түзеп, жоғыңды түгендеп барып өзгенiң өмiрiне сұқсайшы қолыңды,. И то қақың жоқ! Чисто өз ойым бұл.
Анау, Ойбай шоудың жүргiзушiсiн көрсеңдер жөнге салыңдаршы, Алматының намыстылары!»,-деген әзілкеш жігіт хайп үшін өнер иелерінің жеке өміріне қол сұққан тележүргізуші Мұхит Сапарбаевты қатаң сынға алған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрболхан есімді жігіт «Өз ойым» бағдарламасында пәктігін 2 миллион теңгеге саудалаған бойжеткеннің рөл ойнағанын айтып, бағдарламаның өтірігін ашқан болатын. Ал, ток-шоудың продюсері Жангелді Таңатбекұлы пәктігін саудалаған бойжеткеннің шындығын әшкере еткен әзілкешті видео-батлға шақырды. Кейін Нұрболхан Instagram-парақшасында тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызын аталмыш бағдарлама продюсерінің артына тығылмай, ашық сөйлесуге шақырды.