"Талмайды періштелік қанаттарың, Министр Арыстанбек ағаң барда": Ақтөбелік ақын Ержан Максимге өлең арнады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Талмайды періштелік қанаттарың, Министр Арыстанбек ағаң барда": Ақтөбелік ақын Ержан Максимге өлең арнады

"Талмайды періштелік қанаттарың, Министр Арыстанбек ағаң барда": Ақтөбелік ақын Ержан Максимге өлең арнады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа өлең арнау арқылы танымал болған ақын, Балтабек Нұрғалиев "Голос дети" жобасында екінші орынға ие болған Ержан Максимге өлең арнады.

  • 3 Мамыр 2019
  • 171
Фото - Caravan.kz

Ақын өлең жолдарын Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Дарынды дара батыр даусы ғажап,
Әлемге әйгіленген әнші қазақ!
Ем берген жүректерге алғыс саған,
Өзіңе Алла нұры жаусын азат!

Әншілер байқауына барған батыр,
Даусымен әйнекті де жарған батыр.
Бірінші орын-жүлде алмаса да,
Тыңдарман жүрегінде қалған батыр!

Тұнық үн төгілгенде таңдайыңнан,
Емдедің сан қайғыдан, сан уайымнан.
Нұр көрдік жанарыңнан, келбетіңнен,
Сүйген-ау Алла сені маңдайыңнан?!

Бауырым, орындалсын нұрлы арманың!
Тыңдасам әндеріңді – жырлар жаным.
Долларың миллиардтаған болмаса да,
Бар сенің миллиардтаған тыңдарманың!

Көңілге нұрын құйды кең дауысың,
Расымен, «қазақ» дейтін ел бағысың!
Туғансың Ер Максимнің Ержаны боп,
Сен – бүгін бар адамзат Ержанысың!

Көп жанды елжіретті емші-даусың,


Аспанның сырын айтар елші жансың.
Антуан Экзюпери ертекшінің
«Кішкентай Ханзадасы» сен шығарсың?!

Жете бер жетістікке, жеңіске нық, 
Өсе бер, өркендей бер, жеміс беріп.
Әлемнің жан-жүрегін тебірентіп,
Шырқай бер пәк үніңмен періштелік!

Үніңе тамсанды дос, тамсанды жат,
Даусыңа сыйғандай ма аңсар-жұмақ?
Тастар да жібіп жатыр талантыңнан,
Көңілге құйылғандай кәусар-бұлақ!

Даусың бар кәусар-бұлақ құяр қандай,
Тербеген тыңдарманды қиял қандай!
Жер-жаһан әндеріңді тыңдап отыр,
Жадырап Жаратқаннан сый алғандай!

Жетеді атың талай замандарға,
Қуаныш сыйлай бергін адамдарға!
Талмайды періштелік қанаттарың,
Министр Арыстанбек Ағаң барда!