Атыраулық полиция: Атқа мінемін деп, тақтан түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраулық полиция: Атқа мінемін деп, тақтан түсті

Атыраулық полиция: Атқа мінемін деп, тақтан түсті

Атқа мінемін деп тақтан түсті.

  • 21 Мамыр 2019
  • 40
Фото - Caravan.kz

Әріптестерінің қошеметіне бөленіп, сәйгүлікке мінген Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы қызметінен айырылды. Әлеуметтік желіні шулатып, қоғамның талқысына түскен Аян Дүйсембаевтың әрекетіне қатысты тіпті, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі пікір білдірді. Қазір бір видеоның әлегіне байланысты бірнеше адам қызметінен босатлып, өңірде тексеріс әлі жалғасуда.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 

Сән-салтанатпен киінген Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы. Қошемет-құрметке бөленіп, сыйға тартылған сәйгүлігіне мініп, мәз майрам Аян Дүйсембаевтың видеосы әлеуметтік желіні тағы бұрқ еткізді.  Қоғамда қызу талқыға түскен полиция басшысының формадағы әрекетіне президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі пікір білдіріп,  қызметтік тексеріс жүргізуді тапсырды. 

НҰРДІЛДӘ ОРАЗ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
"Әлеуметтік желілерде Атырау облысы полиция департаментінің қызметкеріне қатысты видео жарияланған болатын.  Оған қатысты ІІМ оқиға орнына барып,  тиісті тексеруді жүргізе бастады. Тексеру қорытындысына қарай шешім қабылданады".

Әлеуметтік желіде әр түрлі пікір айтылуда. Бірі даттайды, бірі жақтайды. Біреулер жирен қасқа қыл құйрықты  бизнесмендер сыйлаған дейді. Ішкі істер министрі Атырауға арнайы комиссияны жөнелтті. Шұғыл тексерістің қорытындысы бойынша министр Ерлан Тұрғымбаев Атырау облысы полиция департаментінің басшысын қызметінен босату керек деп Президент әкімшілігіне  ұсыныс жолдады. Сондай-ақ осы видеоның әлегінен соң  өңірдегі  полиция құрылымынан  бес  лауазымды тұлғаны орнынан алды. 
1966 жылы туған Аян Дүйсембаев 2016 жылдан бері Атыраудың полиция департаментін басқарады. 2018 жылы да оның шетелде казинода жүрген бір видеосы тараған болатын. Бірақ, ол бейне жазба бұрынырақ, еңбек демалысында түсірілгені анықталды. Сондай-ақ, 90-жылдары бизнеспен айналысып, мұнай өнімдерін тасымалдаған.

Бұл погон таққандардың бірінші мұндай оғаш қылығы емес. Өздерін бандаға теңеген мына видео жаңа жылда болған оқиға. Қарағандыдағы  ішкі істер министрлігіне қарасты болашақ полицейлерді дайындайтын академияда түсірілген. Курсанттардың қошеметіне, тауып айтқанына марқайған бірінші курс бастығының орынбасары, видео авторы қызметінен қуылды. Артынша осы оқиғадан тағы да полиция формасындағы екі адамның өздерін бандаға теңеген жазбасы таралды. 



"Мы братва! Мы банда! Антибиотик правильно говорил! Жетінші ұрпағымызға дейін ақша жасап, өмір сүруіміз керек. 

Артынша ішкі істер министрлігі бұл видеоның Алматы облысында фильм түсіріп жатқан актерлердің әзілі екенін анықтады.  Осылайша, қызмет этакасын сақтамаған полицейлер сынға ғана ұшырамай, ара-тұра мазаққа да айналып жатыр.