Бұл туралы әлеуметтік желіге Алматы облысы Ескелді ауданы Қайнарлы ауылының тұрғыны Есхат Әйнекбекұлы президентке видео жолдап, жария етті деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
"Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа, ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдаулет мырзаға! Мен Алматы облысы, Ескелді ауданына қарасты Қайнарлы ауылының тұрғынымын. Есім-сойым — Есхат Әйнекбекұлы. Сіздерге хат жолдап отырған себебім, 2019 жылдың 26 сәуірінде менің жарым Нұрғиза Азатханқызы ауыл молдасы Қадыр Әмбиеұлының мәжбүрлі түрде жыныстық қатынасқа тартып, түрлі айуандық әрекеттер жасағанына шыдамай, өз-өзіне қол жұмсауы. Заңда шектеу қойылған әрекеттерге барып, үш баламды жетім қалдыруға себепкер болған Қадір Әмбиеұлына тиісті жаза қолдануларыңызды сұраймын", — дейді Есхат Әйнебекұлы.
Видеода әлдебір ер адамның белгісіз әйелге айтып жатқан сөздері де жазылып қалған. Онда ер адам ұнатып қалғанын және айтқанын орындамаса өлтіретінін айтқан.
Сондай-ақ видеода белгісіз әйелдің күйеуі Есхатты алдап жүре алматынын айтып жалынғанын дауысын естуге болады.