Асланбек Жақыповтың ісі: Департамент басшысын қандай жаза күтіп тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асланбек Жақыповтың ісі: Департамент басшысын қандай жаза күтіп тұр

Асланбек Жақыповтың ісі: Департамент басшысын қандай жаза күтіп тұр

 

  • 23 Мамыр 2019
  • 17
Фото - Caravan.kz

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотында ҚР Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыповтың ісіне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асланбек Жақыпов ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша («Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену») жауапқа тартылып отыр. Сот отырысы барысында Асланбек Жақыпов білімі мен отбасылық жағдайына қатысты сұрақтарға жауап берді. «Екі жоғары білімім бар: заңгерлік және экономикалық. Саясаттанудан магистрлік дәрежем бар және іскерлік әкімшілік докторымын. Жұмыс орным — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаменті», — деді шенеунік. Сонымен қатар, Жақыпов осы жазда үйленуді жоспарлағанын атап өтті. Өз кезегінде сот Қанат Тобағалиұлы қылмыстық іс мемлекеттік айыптаушы Мұрат Еділдің қатыусымен өтетінін хабардарлады. Судья сонымен қатар, айыпталушының сот отырысын 29 мамырға ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырды. Хабарланып отырғандай, айыпталушының кінәсі дәлелденген жағдайда үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығы шектеледі немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 2-бөлік бойынша қылмысы дәлелденсе, ұрлаған мүлкінің бағасын жиырма еселеп қайтару немесе мүлкінің тәркіленуімен мемлекеттік қызметте өмір бойы еңбек ету құқығынан айырылуымен үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы ықтимал. Еске сала кетсек, Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің басшысы Асланбек Жақыповқа қатысты іс прокуратураға жолданғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.