Данияр Елеусінов жетінші жекпе-жегінде де жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Данияр Елеусінов жетінші жекпе-жегінде де жеңіске жетті

Данияр Елеусінов жетінші жекпе-жегінде де жеңіске жетті

Олимпиада чемпионы АҚШ-та чилилік Луис Норамбуэнамен кездесті

  • 26 Мамыр 2019
  • 19
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) Оксон Хилдегі (АҚШ, Мэриленд штаты) бокс кешіне қатысты.

Ол чилилік Луис Норамбуэнамен (3-1-1, 0 КО) MGM National Harbor ойын-сауық кешенінде жекпе-жек өткізді. Жартылай орта салмақтағы бұл кездесуде төрешілердің бірауыздан шешімімен Елеусінов жеңіске жетті, деп хабарлады Sports.kz.

Осылайша, Данияр кәсіпқой бокста жеті жекпе-жек өткізіп, бәрінде қарсыласынан басым түсті, ал Норамбуэна карьерасында екінші рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, Елеусіновпен әуелі мексикалық боксшы Мигель Самудио (43-12-1, 27 КО) жұдырықтасуы тиіс болатын, дегенмен Мэриленд штатының спорт комиссиясы оған рұқсат бермеді.


Назарларыңызға жекпе-жектің үзіндісі мен толық видеосын ұсынамыз.