Бұл туралы Franceinfo хабарлады.
Өртті сөндіруге 100 өрт сөндіруші тартылды. Қазір тілсіз жау ауыздықталды. Өрттен шыққан түтін салдарынан жақын маңдағы 50 ғимараттан адамдар эвакуацияланды. Өрттің себебі әзірге белгісіз. Қала мэрінің орынбасары Анн-Мари Казале өрт шыққан ғимараттың бір бөлігі құлағанын айтты. Оқиға болған аумақты полиция қоршауға алды.