Ресей БАҚ-тарына шолу: Астраханда қазақ мектебі ашылуы мүмкін бе? - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей БАҚ-тарына шолу: Астраханда қазақ мектебі ашылуы мүмкін бе?

Ресей БАҚ-тарына шолу: Астраханда қазақ мектебі ашылуы мүмкін бе?

Ресейлік БАҚ Қазақ елі жайлы не жазуда?

  • 27 Мамыр 2019
  • 37
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа порталы ресейлік БАҚ-тарына шолу жасады.

Тоқаевтың 50 жыл бұрынғы видеосы жарияланды

 

Осыдан тура 50 жыл бұрын таспаға басылып қалған құнды видеокадрлар. Алматыдағы №25 мектептің 10 сынып оқушылары сенбілікте жүр. Таныған да боларсыздар араларында қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы да бар. ——————- На арxивном видео, которое снято 50 лет назад ученики алматинской школы №25 принимают активное участие в субботнике. На уникальныx кадраx можно увидеть Президента Казаxстана Касым-Жомарта Токаева в юности. Ученик 10 класса вместе с одноклассниками расчищает пришкольную территорию.

Posted by Берік Уәли on Sunday, May 26, 2019

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы 50 жыл бұрын түсірілген Тоқаевтың видеосын жариялады.

Бұл туралы Life.ru басылымы хабарлайды.

Алматыдағы мектептің бірінде оқушылар сенбілікте жүр. Сенбілікте жүргендердің қатарында Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Тоқаев 66 жасқа толып, оны РФ Президенті Владимир Путин арнайы құттықтаған болатын.

Астрахандық қазақтар мектептерде қазақ тілінің оқытылуы керек екені жайлы талап қойды

Мәскеу мемлекеттік университетінің, Құқық және салыстырмалы құқық институты мен РФ үкіметінің, Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің бес докторанттары Астрахань облысындағы мектептерде қосымша пән ретінде қазақ тілін енгізу қажет деп санайды.

Бұл туралы
Ast-news.ru
басылымы хабарлайды.

Олар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдап, ашық хатта өздерінің пікірілерін білдірген.

Сонымен қатар, Астрахандық қазақтар Астраханда «Назарбаев зияткерлік мектебінің» болуы керек екенін де айта кетті. Зияткерлік мектеп болса, оқушылар үш тілде білім алар еді деген ойда.

Қазақстандықтар біздің облыс халқының төрттен бір бөлігін құрайды. Бұл бүкіл елдегі ең үлкен көрсеткіш.

Tele 2 Қазақстаннан кетті

“Теле 2-ге” иелік ететін Швед компаниясы Қазақстаннан кеткенін хабарлады. Алайда бренд атауы мен нөмірлердің қызметі тоқтамайды, — деп жазады Cnews.ru басылымы.

МТС-да Tele2-нің экономикалық үлесі 49% -ды құрады, дауыс беру үлесі — 51%. «Қазақтелекомда», керісінше, МТС-дағы экономикалық үлес — 51%, дауыс беру — 49%.

Тараптар МТС-тың 800 миллион долларлық құнын бағалады, сондай-ақ қазақстандық кәсіпкер Айгүл Нуриева компаниясына тиесілі «Кац» компаниясы МТС-дегі үлесін 18 пайызға бөлуге құқылы, бұл Tele2 үлесінен алынады.

«Kauz» компаниясымен келісілгеннен кейін «Қазақтелеком» АҚ-мен Tele2-тің 169 млн.АҚШ доллары мөлшеріндегі пайдасы, Tele2 хабарландыруында айтылғандай, компания 80 млрд. Теңге (210 млн. АҚШ доллары) сомасына МТС-ның меншікті капиталын толық қайтарады.

Осылайша, Tele2 компаниясы МТС-ге қатысу үлесін сатудан жалпы алғанда 389 миллион доллар алады.