Алматылық тиіннің жөндеу жұмыстарына 10 млн теңге қаражат жиналып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық тиіннің жөндеу жұмыстарына 10 млн теңге қаражат жиналып жатыр

Алматылық тиіннің жөндеу жұмыстарына 10 млн теңге қаражат жиналып жатыр

Алматылық тиінді шілде айында жөндеуден өткізеді. Яғни сыртқы бөлігін пластиктен жасалған пластиналармен қаптайды.

  • 30 Мамыр 2019
  • 13
Фото - Caravan.kz

Осы жұмыстарды жүргізу үшін 10 миллион теңге қажет. Ұйымдастырушылар оны тұрғындар тарапынан қайырымдылық есебінде күтіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тиінді шілде айында алатыны туралы Funk агенттігінің директоры әрі осы мүсінді орналастырумен айналысқан Майра Измайылова айтып берді. Десе де ол түбегейлі жоқ болып кетпейді. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар тиінді алған соң орны қайтадан автотұраққа айналмайды деген ойда. 

Тиіннің сыртқы бөлігі қырылып, металл мен ағаштан жасалған материалдармен қайта қапталады. Шамамен 2 тоннадай пластик жиналады деген үмітте. 

Бұдан өзге қайырымды жандардан 10 млн теңге жиналып, ол қаражат пластиктерді жинауға арналған контейнерлерді орнату, экологиялық кампаниялар өткізу, жобаны құрастыру және монтаж жұмыстарын жүргізу үшін жұмсалмақ. 


Ұйымдастырушылар бұл мақсатта бюджеттен ақша алмауды жөн көрген. Мұның орнына олар қайырымды жандардан көмек сұрап отыр. Ақша жинау 1 маусымнан бастап тамыз айының соңына дейін жалғасады.