Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бағдарлама кейіпкері үш баласынан не себепті бас тартқанын айтып берді.
"Балалар менімен бірге тұрғанша қарындары тоқ, уақытылы жуынып, жағдайы бар жерде тұрса екен деймін", — деп жауап берді Қапиза Шумаева.
Бағдарлама соңында көпбалалы ана Зульфия Төленова үш баланы да өз қарамағына алды. Үш баланың анасы Қапиза Шумаева балаларын асырап алған көпбалалы анаға қолхат жазып берді.
Үш баланы асырап алған көпбалалы ана балалардың төсек-орындары, күнделікті тамақтары болатынын, көйлегі көк, тамағы болатынына уәде берді.
Зульфия Төленованың "жұмыс тауып беремін, бірге тұрайық", — деген ұсынысынан бағдарлама кейіпкері бас тартты.