Жиырма мың теңгеге бола пышақ жарақатын салған қылмыскер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жиырма мың теңгеге бола пышақ жарақатын салған қылмыскер ұсталды

Жиырма мың теңгеге бола пышақ жарақатын салған қылмыскер ұсталды

Алматы облысында полицейлер 10-сынып оқушысына бірнеше пышақ жарақатын салған 21 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

  • 31 Мамыр 2019
  • 25
Фото - Caravan.kz

Жұма күні таңертең жедел қызметкерлер күдіктіні Үшаралда ұстады, ол Алакөл ауданының полициясына жеткізілді.

"Алакөл аудандық полициясының тергеушілері 10 жастағы балаға қарақшылық шабуыл жасап, пышақ жарақатын салу фактісі бойынша алдын-ала тергеу амалдарын жалғастырып жатыр. Іс сондай-ақ облыстық департаменттің бақылауына алынды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды", — деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Бала аудандық ауруханада жатыр.


Естеріңізге сала кетейік, 29 мамырда 10 жасар бала пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қылмыскер баланың ата-анасы жоқтығын пайдаланып, үйге алдап кіріп, 20 мың ұрлап кеткен.

Бала полицейлерге шабуыл жасаған адамның сыртқы келбетін сипаттап бере алған.