Қ.Тоқаев пен Д.Туск саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қ.Тоқаев пен Д.Туск саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті

Қ.Тоқаев пен Д.Туск саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Туск «АЛЖИР» мемориалды-музей кешеніне барды.

  • 31 Мамыр 2019
  • 18
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық кеңестің Төрағасы Дональд Туск қасірет қақпасының алдында бас иіп, саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті. 

Қазақстан Президенті мен Еуропалық кеңес басшысы «АЛЖИР» мемориалды-музей кешеніндегі ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойып, саяси құрбандардың өмірі жайлы мәліметтер жинақталған кешен музейін аралап көрді.

31 мамыр — саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде 1997 жылдан бері аталып келеді.