ҚР Президенті жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президенті жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді

ҚР Президенті жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді

 

  • 3 Маусым 2019
  • 14
Фото - Caravan.kz


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сапар аясында өңірдегі бірнеше нысанға барып, жұртшылық өкілдерімен кездесу жоспарланған. Мемлекет басшысы отандық химия өнеркәсібінің ту ұстары — «Қазфосфат» ЖШС өндіріс орындарына барады. Сондай-ақ өз өмірінің құнымен адамдарды террористен құтқарған полицей, Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың отбасымен кездеседі. Бұдан бөлек Президент «Ежелгі Тараз» тарихи-археологиялық кешенінің жұмысымен танысады. «Арай-плаза» бизнес орталығында Жамбыл өңірінің жұртшылығымен кездесу өтетіні көзделген.