Сөзі: Айнұр Тұрсынбаева
Кеше ғана достасып,
Кеше ғана қоштасып.
Екі жақта жүр ме екен
Елегізіп қос ғашық
Емес ең ғой ақылсыз
Алыссыз hәм жақынсыз
Дауысымды естімей,
Қалай шыдап, қалай шыдап жатырсыз?!
Қайырмасы:
Деген сұрақ кім сіздік,
Қойды-ау мені тілсіз ғып.
Қашан,қашан бітеді
Арадағы үнсіздік.
Күн де мынау құбылып
Салқындықты тұр ұғып
Суып бара жатыр ғой,
Арадағы жылулық.
Сіз мен жаққа елеңдеп,
Мен сіз жаққа елеңдеп.
Жанарымда сағыныш,
Мөлтілдейді өлең боп.
Қайырмасы: