Алматыда тек әйелдерді тонаумен айналысқан ер адам ұсталды, — деп хабарлайлы Almaty.tv тілшісі.
Телеарнаның мәліметінше, полицейлер 30 жастағы ер адамды кезекті құрбанының құнды заттарын алып қашып бара жатқан жерінен ұстаған. Осылайша, ер адамның 8 бірдей қыз-келіншекті ұрып-соғып, сөмкесі мен ұялы телефонын тонағаны анықталып отыр. Ол түн ішінде көпқабатты үйлердің аулаларында жалғыз келе жатқан қыз-келіншектерді тарпа бас салып, сөмкелерін алып қашқан. Оның тек бір адамға келтірген шығыны шамамен 150 мың теңге төңірегінде екен. Қазір ол тергеу абақтысында. "ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабының нормалары бойынша 3 жылдан аса мерзімге бас бостандығынан айыру мерзімі көзделуде. Бірақ бұл ер адамның қолынан бірнеше қылмыстың жасалуы жазаны ауырлатуы мүмкін. Қазірдің өзінде одан зардап шеккен 8 адам анықталып отыр, бұл тізім көп болуы мүмкін", — деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.