Оған қарсы бірнеше адам полицияға арыз жазған. Бұл туралы 31 арнағасілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Арыздар әр аудандық полиция департаменттеріне түскендіктен бір күнде бірнеше полиция бөлімшесінен шақырту келген. Көпбалалы аналар мәселесін көтеріп жүрген тележүргізушіге полицейлер келіп, Наурызбай аудандық полиция бөлімшесіне апарған. Сол жерден шыққан бетте белсендіні белгісіз әйелдер ұрып тастапты.
"Шашымнан тартып, ішімнен ұрып жатты. Небір балағат сөз айтты. Еңкейіп отырып қалдым", — дейді Сәуле Әбединова.
Дәрігерлер оған "миы шайқалған" деген диагноз қойды.
Әзірге Алматы полициясы да, ІІМ-де пікір берген жоқ.