Көз жасына қарамастан үш баласын өзгеге бере салған әйелге балалары кездесуге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көз жасына қарамастан үш баласын өзгеге бере салған әйелге балалары кездесуге келді

Көз жасына қарамастан үш баласын өзгеге бере салған әйелге балалары кездесуге келді

Көптен күткен кездесу! Борис, Жасмин, Аилин аналарымен қайта қауышты.
Бейкүнә бүлдіршіндірге қамқор болған Зульфия Төленова үш баланы аналарын бір көріп, қал-жағдайын білу үшін Алматыға арнайы әкелді. "Ана мен баланың арасындағы махаббат сөнбесін" деп тілеймін дейді.

  • 17 Маусым 2019
  • 560
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы журналист Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі өз парақшасына жазды.  деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

Бауыр етін басқаға бере салған Қапиза Шумаева халықтың ауыр сынына сынбаған. Өз шешіміне өкінбейді. Тар жерді титықтап, өлместің күнін көргенше, жырақта болса да, жақсы жерде тұрғанына қуанатынын айтады. Оның ендігі мақсаты — аяғына тік тұрып, алкогольды тәуелділіктен арылып, балаларымен бірге болу.
Ал , бұрынғы жалдамалы пәтерлеріне қайта оралған бүлдіршіндер аналарының амандығын біліп, тезірек Таразға қайтуға асықты.
Естеріңізде болса, @astarly_aqiqatбағдарламасында ішімдікке әуес 42 жастағы Қапиза Шумаева, туған үш баласын өзгеге, өз қолымен тапсырған еді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Dina Tólepbergen (@dina_tolepbergen) on