Апатқа ұшыраған арнайы авиахимиялық қолданыстағы АН-2 ұшағы екені анықталды.
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов хабарлады, деп жазды Caravan.kz медиа-порталы
Апат салдарынан әуе кемесінің командирі қаза тауып, 2-ші ұшқыш пен техник–көмекші алған жарақаттарына байланысты емдеу мекемесіне жеткізілді.
Әуе кемесінің апатқа ұшырау себебін анықтау мақсатында тергеу жұмыстары басталды.