Таразда кітапханашысы жоқ кітапхана ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда кітапханашысы жоқ кітапхана ашылды

Таразда кітапханашысы жоқ кітапхана ашылды

Тараз қаласында кітапханашысы жоқ кітапхана ашылды. Онда оқырмандар өзіне ұнаған шығармасын қажетті құжатсыз-ақ алып, оқып, кейін қайта тапсыра алады.

  • 23 Маусым 2019
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Жамбыл — адалдық алаңы» жобасы негізінде қолға алынған бастама Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана жанынан ашылып отыр. Басты мақсат — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, оқырман жауапкершілігін арттыру. Жан азығын сыйлайтын ордадан кітапсүйер қауым 300-ден астам түрлі жанрдағы шығармаларды таба алады.

«Ешқандай кітапханашының көмегінсіз-ақ кітапты алып, оны қайтадан өз орнына әкеліп қою қажет. Мақсат — адал оқырманды, адал болашақты қалыптастыру. Мысалы мен бүгін Нарша Қашағанұлының кітабын алдым, ешқандай құжат тапсырған жоқпын», — дейді қала тұрғыны Ардақ Сапибулла.