Арыстағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 16 адамға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арыстағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 16 адамға жетті

Арыстағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 16 адамға жетті

Соңғы мәліметтерге сәйкес, жарылыс салдарынан зардап шеккен 16 адам Түркістан облысының ауруханаларына жеткізілген.

  • 24 Маусым 2019
  • 12
Фото - Caravan.kz

Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында болған жарылыстан кейін он алты адам ауруханаға түсті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов хабарлады.

Түркістан облысында медициналық штаб құрылып, әрқайсысы 100 адамға арналған екі госпиталь жасалды. Хирург, реаниматолог, травматолог дәрігерлер адамдарды қабылдауға әзір.

"Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, өңірдегі медициналық мекемелерге жеңіл және орта дәрежедегі жарақат алған 16 адам түскен. Оның біреуі – әскери қызметкер. Ол облыстық ауруханаға жеткізілді", — деп жазды Қалқаманов өзінің 
Facebook
-тегі парақшасында.