АҚШ президенті Тоқаевқа жеделхат жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ президенті Тоқаевқа жеделхат жолдады

АҚШ президенті Тоқаевқа жеделхат жолдады

Дональд Трамп Қазақстанмен арадағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге ниетті екенін білдірді.

  • 25 Маусым 2019
  • 307
Фото - Caravan.kz

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты президент болып сайлануымен құттықтады.

Дональд Трамптың құттықтау жеделхаты Ақорда сайтында жарияланған.

"Осы жылдар ішінде екі жақты қарым-қатынаста жоғары жетістіктерге қол жеткіздік, ынтымақтастығымыз әрі қарай жалғаса беретініне кәміл сенемін. Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бағытында америкалық бизнестің жаңа мүмкіндіктер алғаны қуантады", – деп жазды Дональд Трамп.

Ақ үй басшысы АҚШ пен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік жолында бірлесіп атсалысуды жалғастыруға ниетті екенін білдірді.

"АҚШ Қазақстанмен өзара мығым серіктестікті бағалайды. Орта Азия мен жаһандық деңгейдегі ортақ мүдде аясында сізбен және Қазақстан халқымен бірлескен жұмыстарды жалғастыра бермекпіз. Еңбегіңізге мол табыс тілеймін", – делінген АҚШ Президентінің құттықтауында.


Президент сайлауы

Биыл 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Бұл жолы мемлекет басшысы лауазымына жеті кандидат таласты. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың басым бөлігінің сеніміне ие болып, Қазақстан тарихындағы екінші президент атанды. 

 

Соңғы жаңалықтар