"Өздеріңіз білесіздер, біздің ағаларымыз бен апа — сіңлілеріміз-Арыс тұрғындары қандай жағдайға тап болғанын… Сондықтан да мен қаражаттарымның бір бөлігін Арыс қаласында зардап шеккендерге беру туралы шешім қабылдадым", — деді әнші.
Димаш Құдайбергеннің "Арнау" жеке концерті елорда күні қарсаңына арнайы ұйымдастырылған. Концертте қазақ халық әндері, белгілі қазақстандық және шетелдік композиторлардың шығармалары, сондай-ақ Димаштың авторлық әндері орындалды.
Димаш өз елінде беріп отырған екінші жеке концертінде өнерге тәрбиелген ата-анасы мен ата-әжесіне және ұстаздарына алғыс айтуды ұмытпады. Арнайы концерт үшін әлемнің түкпір-түкпірінен келген шет елдік көрермендер Димаш үшін арнайы сыйлықтарын ала келген.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына қарағанда, билет 64 елден келген әншінің 10 мыңға жуық жанкүйерлері сатып алған.
Телекөрермендер Димаш Құдайбергеннің концертін 6 шілде күні Qazaqstan телеарнасында тамашалай алады.
Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласындағы әскери қоймалардағы жарылыс салдарынан үш адам қаза болған. Қазақстандықтар қала тұрғындарына көмек қорына миллиард теңге аударды.