Қазақстандық жастар 10-12 мың теңгеге жалдамалы баспананы қалай ала алады? Вице-министр түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жастар 10-12 мың теңгеге жалдамалы баспананы қалай ала алады? Вице-министр түсіндірді

Қазақстандық жастар 10-12 мың теңгеге жалдамалы баспананы қалай ала алады? Вице-министр түсіндірді

 

  • 3 Шiлде 2019
  • 24
Фото - Caravan.kz

Еліміздің ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова үкіметтің баспасөз конференциясында қазақстандық жастардың жалдамалы баспананы 10-12 мың теңгеге қалай ала алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Хабарланғандай, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жыл сайын 1 000 пәтер бөлінетін болады.

Омарбекованың сөзінше, жастарға жалдамалы баспана беру бағдарламасы бойынша құжаттар қыркүйек айынан қабылдана бастайды.

«Ережелер 1 тамызда біздің сайтымызда жарияланады. Алдымен, олар — 29 жасқа толмаған жастар. Егер олардың отбасы болса, асырауында мүгедек ата-анасы немесе мүгедек балалары болса, қосымша бонус беріледі. Жалдамалы баспана 3 жылдан 5 жылға дейін берілетін болады. Жергілік атқарушы билікпен және басқа да министрліктермен бірге шарттарын дайындап жатырмыз», — дейді вице-министр.

Жалдамалы пәтер берудің негізгі шарты – өз баспанасын алу үшін қаржы жинау бойынша қазақстандық бағдарламалардың біріне қатысу.


«Әзірге сол жалдамалы баспанада 3 жылдан 5 жылға дейін тұрып, 10-12 мың теңге төлейсіз. Адам ақша жинай алуы үшін осында сома көрсетіліп отыр. Ең басты шарт – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» есепшот ашу немесе қандайда бір мемлекеттік бағдарламаға қатысу. Ол сіздің ақша жинап жатқаныңызға көз жеткізуіміз үшін қажет», — дейді вице-министр.