Қызылорда облысында 40°С ыстық болса, ШҚО-да бұршақ жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында 40°С ыстық болса, ШҚО-да бұршақ жауады

Қызылорда облысында 40°С ыстық болса, ШҚО-да бұршақ жауады

Елімізде тұрақсыз ауа райы сақталып тұр. Қазақстанның бір облысында күннің жылынуы байқалса, кейбір аймақта бұршақ жауып, дауыл соғуда. "Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше облыста дауылды ескерту жариялады.

  • 4 Шiлде 2019
  • 4
Фото - Caravan.kz

5 шілдеде күндіз Қызылорда облысында 40°С қатты ыстық күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 95-100%. 

05 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында кей жерде найзағай. Күндіз кей жерде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерде 15-20 м/с жетеді.

5-6 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 6 шілдеде кей жерде қатты жаңбыр күтіледі.                    

"Петропавл қаласында 5-6 шілдеде найзағай ойнайды, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%", — делінген ведомствоның хабарламасында

5 шілдеде Қостанай облысының кей жерінде найзағай ойнаса, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.