Ақтауда теңіз жағасына су перісінің қола мүсіні қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қола мүсінді инвесторлар қалаға тарту ретінде сыйлаған. Ерекше туындының биіктігі 130 сантиметр, ұзындығы 110 сантиметр. Жалпы салмағы 130 келіні құрайды. «Су перісін таңдағанымыздың өзіндік тарихы бар. Бір аңыздарға сүйенсек, Посейдон оған кез-келген тілекті орындайтын білезік сыйлаған. Егер ол білезікті сүртсеңіз, жақын арада жеке бақытыңызды кездестіресіз делінген,-дейді жоба ұйымдастырушылары.