«Менің бала кезден арманым Джеки Чанмен өмірде кездесу еді. Маған әлі бұйырмады, бірақ Димаш бауырыма бұйырып, талантымен бүкіл дүниежүзін таңқалдырып жатқанына қуаныштымын! Алланың құдіреті шексіз ғой. Басыңнан бағың таймасын, Димашжан», — деді Қайрат Нұртас.
Жас әнші Димаш Құдайберген де ағасына деген ыстық ықыласын жасырмады.
«Қайреке, Алла разы болсын сізге. Аман болыңыз», — деп жауап қайырды ол.
Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде «Болар елдің баласы бір-бірін батырым дейді» деп, қос жұлдыздарының достығына ризашылықтарын білдірді.
Сондай-ақ, әнші Серік Ибрагим де олардың достығына қызыға қарап, «Екеуіңнің де бастарыңнан бақ таймасын, бауырлар» деп жазды.