Каспий теңізіне ұшақ құлады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізіне ұшақ құлады

Каспий теңізіне ұшақ құлады

Әзербайжан әскери әуе күштерінің МиГ-29 ұшағы оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырады, қазір құтқарушылар ұшқышты іздеп жатыр.

  • 25 Шiлде 2019
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы елдің қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланған.

Оқиға 24 шілдеде жергілікті уақыт бойынша түнгі 22.00-де болған. Түнгі оқу-жаттығуы кезінде МиГ-29 жойғышымен байланыс күрт үзіліп, ұшақ радардан жоғалып кетеді.

Алдын ала деректер бойынша, әуе кемесі Каспий теңізіне құлаған.


Қазір құтқарушылар ұшқышты іздеп жатыр. Апаттың себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.