Жемқорлыққа қарсы агенттіктің департамент басшылары тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жемқорлыққа қарсы агенттіктің департамент басшылары тағайындалды

Жемқорлыққа қарсы агенттіктің департамент басшылары тағайындалды

Оның бірі - ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры.

  • 26 Шiлде 2019
  • 39
Фото - Caravan.kz

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің еліміздегі екі ірі мегополисіндегі басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысы болып ұлттық қауіпсіздік генерал-майор Нұрлан Сұлтанұлы Қыдырбаев бекітілді.

Ол алдында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚКД бастығы, Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД бастығы сынды лауазымды қызметтерді атқарған.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып Қайрат Имәтұлы Сөнтаев бекітілді.


Ол 1961 жылы 7 мамырда Павлодар облысында дүниеге келген. 1981-1983 жылдары КСРО Қарулы күштерінде әскери қызметін атқарған. 1992 жылы Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген.