Мемлекеттік тілді керек қылмайтын "InDriver" Қазақстанда қалай жұмыс жасап жүр?! - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік тілді керек қылмайтын "InDriver" Қазақстанда қалай жұмыс жасап жүр?!

Мемлекеттік тілді керек қылмайтын "InDriver" Қазақстанда қалай жұмыс жасап жүр?!

Елордалық блогер Мұқағали Балқыбай Facebook желісіндегі парақшасында мемлекеттік тілін терек қылмайтын "InDriver" компаниясына өкпесі қара қазандай екенін айтты.

  • 26 Шiлде 2019
  • 143
Фото - Caravan.kz


"Нұр-сұлтан қаласында және де басқада қалаларда осындай жағдай, халық өздерінің қол телефоннына indraiver пограмасын жүктеп алады. Әрине тахи шақыру үшін, бірақ ішіне кіріп қалсаң болды Russian, Inglish, Ispanish, Portugal, Frenchg тілдеріне тап боласың өкінішке орай, қолданыста ресей тілі тұрады, ресей тіліне тәуелділік жасап қойған. Өз елімізде қазақ халқына жұмысын жасап Мемлекеттік тіл қазақ тілін болмауы, қазақ ұлтын сыйламауы деп түсінуге толық айтсақ болады. Менің біліуімше Қазақстанда осы indraiver програмасы көп жылдан бері жұмыс жасайды, осы уақытқа дейін қаншама қазақ халқының құқын аяқ асты қылып жұмыстарын әлі күнге дейін жалғастырып келе жатыр.
Бір жыл болмаса екі жыл өттіма бір кеште болған болатынмын досыммен, сол кештің соңына қарай абыр сабыр болып, шұғыл қайтатын болып тахи шақыруға тура келді, досымның қолы босамай маған өзінің ұялы телефонын беріп "тахи шақыра бер" деп берді, мен сол indraiver програмасына кірмесім барма іші тек орыс тілі жарқырап тұр, әрі-бері шұқып көріп қалай шақыратынымды білмей, терлеп бір он минуттай тұрғанымда, тұралап қалған мені көріп "тахи келді ме?" демесі барма досымның, ақыры соңы өзі тахи шақырды. Сонда өз елім де, өз жерім де, қазақ тілінде тахи шақыра алмағаным намысыма келді.
Мемлекеттік тіл — Қазақ тілімен қызмет көрсетпейтін indraiver тек шетелдіктерге арналғанба? Мемлекеттік тіл өз орнында тұруын ТАЛАП ЕТЕМІН! Қалалық Прокуратурасына хат, Нұр-сұлтан қаласы Әкіміне хат дайын тұр. Қолдайтын халық болса қолдаймын деп, аты-жөніндеріңізді жазыңыздар", — деп жазды ол.