"Өлуді де ойлағанмын": Ләйлә Сұлтанқызы басынан өткен қиын жағдайды еске алды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өлуді де ойлағанмын": Ләйлә Сұлтанқызы басынан өткен қиын жағдайды еске алды

"Өлуді де ойлағанмын": Ләйлә Сұлтанқызы басынан өткен қиын жағдайды еске алды

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Ләйлә Сұлтанқызы басынан өткен қиын жағдайды еске алды.

  • 29 Шiлде 2019
  • 6053
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы instagram парақшасына жазды.

"Осыдан 15 жыл бұрын Алматыда Абая-Матезалкада тұрамын. Есіктің алдында сынық-сынық темір шарбақтар, қирап қалған ойын алаңы бар.
Бір күні басымда бір қиындық болып, үйде жылай алмай сол сынық алаңда отырып, түні бойы жыладым. Қатты. Тоқтамай. Бұл мәселе мен үшін шешімі жоқ, жүрегіме қатты жақын алған ең бір ауыр проблема еді. Хотя, қазір ойласам болмай қалған проблема ше) Ал сол кезде өлуді де ойлағам… Қасымда Ләйлә болмаса Ол жұбатумен болды. Мен жыласам жылайды, мен күлсем күледі. Сөйтіп ұйықтамай таңды атырдық.
Мені білетіндер Ләйләні да таниды. Екеумізді шатастырмау үшін қалжыңдап оны Ләйләбек деп еркелететінбіз. Мінезі тік, бетке бәрін айтады, ешкімді өсектемейді, әділ. Қаншама сынақты, қаншама қуанышты бірге өткіздік. Студент кезде нан мен майонезді бөліп жеп (ол инязда оқиды), 20 теңгені жаратуға қимай Таугүлден КазГуға не орталыққа жаяу баратынбыз.
Тағы бір қызық, уақыт өте шетелге бір көрмеге бардық. Бірнеше тіл білетінін пайдаланғым келетін, ағылшыннан немісшеге, немісшеден түрікшеге, түрікшеден орысшаға өте сауатты аудара беретін. Кәсіби аударманы көп адам білмейді ғой, ол пойыздардың майда құралына дейін аудара алатын. Не деген қабілет, не деген білім. Содан оның бірнеше тіл білетінін шетелдіктер білмей біз туралы қисық бірнәрсе айтса, қарқылдап мыналар бізді жамандап тұр, осылай деп жатыр деп қазақша маған айтып, артынан біз олар күтпеген поворот жасайтынбыз.
Ол кезде орамал тақпайтын, дискотекаға барып от души билейтінбіз. Оның шашы қызыл менікі көк томпақпыз, бойымыз кішкентай соған қарамай кең шалбар, жайтабан бәтеңке, ұзын көйлек киіп алып, Адмирал Нельсоннан шықпайтынбыз. Қазір ғой стилистер бөксесі үлгендерге кең шалбар, жайтабан туфли и ұзын етек көйлек кигізбейді. Ал біз сам себе стилист едік қой.
Алатынымыз су, басқаға ақша жоқ, бірақ көңіл күй 5, өйткені типа модный клубтамыз. Таңға дейін билеп, жаяу үйге жететінбіз. Ех рахат кездер ғой", — деп жастық шағын еске алды Ләйлә Сұлтанқызы.