"Кей өңірлерде күн салқындайды": шілденің соңғы күндері ауа райы қандай болады? - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кей өңірлерде күн салқындайды": шілденің соңғы күндері ауа райы қандай болады?

"Кей өңірлерде күн салқындайды": шілденің соңғы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

  • 30 Шiлде 2019
  • 67
Фото - Caravan.kz

Қазгидромет синоптиктері шілде айының соңғы күндері ауа райы қандай болатынын айтып берді.

"Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Батыс пен солтүстік-батыста жаңбыр жауады, кей жерде нөсер құяды, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді – 17-25°С", — деп болжайды синоптиктер.

Нұр-Сұлтанда 30 шілдеде аздап жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде сынап бағанасы 18-20 градус жылы болса, күндіз 28-30 градусқа дейін ысиды. 31 шілдеде ауа райы жауын-шашынсыз, түнде температура 17-19 градус нөлден жоғары болса, күндіз 30-32 градус аптап ыстық болады. 1 тамызда күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Түнде ауа райы 18-20 градус жылы, күндіз 32-33 градус аптап ыстық болмақ.

Алматыда сейсенбі күні түнде ауа температурасы 22-24 градус жылы болса, күндіз – 32-34 градус аптап ыстық.  31 шілдеде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, желдің екпіні – 13 м/с. Түнде ауа температурасы 21-23 градус нөлден жоғары, күндіз 33-35 градусқа дейін ысиды. 1 тамызда ауа райы жауын-шашынсыз, түнде – 21-23 градус жылы, күндіз – 35-37 градус аптап ыстық.  


Шымкентте 30 шілдеде түнде  20-22 градус жылы, күндіз – 34-36 градус аптап ыстық. 31 шілде мен 1 тамызда ауа райы жауын-шашынсыз, түнде ауа температурасы 21-23 градус жылы, күндіз 36-38 градус аптап ыстық.