Астана LRT-ның бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана LRT-ның бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды

Астана LRT-ның бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды

Талғат Арданға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

  • 30 Шiлде 2019
  • 16
Фото - Caravan.kz

"Астана LRT" ЖШС экс-басшысы Талғат Арданды Интерпол арқылы іздеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Компанияның қазіргі басшысы Ержан Игенбердиевтің айтуынша, қылмыстық іс қозғалды. Бұрынғы басшыны қамауға алу туралы нұсқау да бар.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Астана LRT" ЖШС бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істі қозғады. Қамауға алу туралы қолдаухат бар. Соттың сырттай шешімі де шығарылды. Оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі кезде осы мәселемен Интерпол айналысып жатыр", — деді Игенбердиев үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, өткен жылы Талған Арданға қызметтік өкілеттілігін теріс пайдаланғанды деген айып тағылған болатын. Тергеу материалдарына сәйкес, төрт жыл бұрын Астана LRT-ның бюджеттік қаражатынан мердігер бір компанияға 300 миллион теңге аударылған. Сол кезде лимиттен 125 миллион теңгеге артық аударылғаны анықталды. Компания басшысы қызметін Талғат Ардан атқарған болатын.