Димашты қайталаған Төреғали сынның астында қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димашты қайталаған Төреғали сынның астында қалды

Димашты қайталаған Төреғали сынның астында қалды

Әнші Төреғали Төреәлі "Toresh" деген шай шығарып, оны желіде жарнамалап жатыр.

  • 4 Тамыз 2019
  • 63
Фото - Caravan.kz

"Toresh" шайының суретін әнші Instagram парақшасында жариялады.

"Ассалаумағалейкум, құрметті Toresh-тің оқырмандары! Жуырда, жақсы жаңалықтармен бөлісетін боламыз", — деп жазды ол. Оған қоса, Шәйдің Төресі — Төреш! деп өз өнімінің насихатын,тіптен асқақтатып қойыпты.

Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетін Димашты қайталау деп сынады.

Айта кетсек, былтыр "Димаш" деген макрамен шәй шыққан болатын. Оның тұсаукесерін былтыр күзде Света және Қанат Айтпаевтар Алматы қаласында өткізген болатын. Оған, негізінен, шоу-бизнес өкілдері шақырылған.


Жаңа брендті Димаш Dida Capital Partners компаниясымен бірлесіп жүзеге асырды.