Instagram жұмысында іркіліс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Instagram жұмысында іркіліс болды

Instagram жұмысында іркіліс болды

Instagram әлеуметтік желісі жексенбіден бері көптеген мемлекеттерде істемей тұрды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі Downdetector сервисіне сілтеме жасап.

  • 4 Тамыз 2019
  • 10
Фото - Caravan.kz

«Instagram жұмысында проблема АҚШ-тың Шығыс жағалаулары уақыты бойынша сағат 22:17-де басталды»,-делінген хабарламада.

Әлеуметтік желінің жұмысындағы іркіліске әсіресе АҚШ, Бразилия, Бельгия, Нидерланды және Франция мемлекеттерінің тұрғындары көп шағымданған. Бұл жағдай сонымен қатар Германия, Мексика, Польша, Ұлыбритания, Сербия, Чили, Жапония және Малайзия елдерінде де байқалған.

Желіні пайдаланушылардың көпшілігі жаңалықтар лентасын жаңарта алмаған (50% жуығы), 29% өздерінің жеке жазбаларына кіре алмаған. Тағы 20% Stories-ті қарауда қиындықтарға тап болған.